SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Музыкант қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Бағжан – белгілі өнер майталманы Өктем Алтайдың ұлы. Жас музыкант сыйлықты ата-анасына арнайтынын айтып, олардың еңбегін ерекше атап өтті.
«Бүгін мені «Дарын» сыйлығымен марапаттады. Бұл жетістікті бала кезден бастап маған жол көрсеткен анама және білім алуға мүмкіндік жасаған әкеме арнаймын. Құттықтаған баршаңызға алғыс айтамын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жас өнерпазды құттықтап, қолдау пікірлерін қалдыруда. Олар Бағжанның еңбегі мен талантын жоғары бағалап, алдағы шығармашылығына табыс тіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
