KAZINFORM – Елімізде сайттардан әні жүктелген сайын, караокеде айтылған сайын әншілерге ақша түсетін болады. Оны реттейтін арнайы ақпараттық жүйе жыл соңына дейін жасалмақ. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.

Қазір әншілердің әндері кафе, мейрамханаларда айтылса, заң бойынша арнайы процент төленуі керек. Бірақ оның әні қанша рет айтылғанын анықтайтын ақпараттық жүйе жоқ. Ешбір әнші өзінің әні ел бойынша қанша рет айтылғанын, тыңдалғанын біле алмайды. Шетелдік әртістерге қарасақ, олардың бүкіл ақпараты iTunes сияқты ақпараттық жүйелерге тіркеледі. Бір ән жүктелсе, содан ақша түсетін болғандықтан, концерттерге емес, сондай жобаларға кіруге ұмтылады. Біздің жасағалы отырған ақпараттық жүйеміз осы мәселенің бәрін реттеп, монетизациясын жолға қояды, – деді ол Үкімет отырысының кулуарында.

Веце-министрдің айтуынша, жобаны жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Әзірше нақты атауы жоқ. Оны Әділет министрлігіне қарасты «Казпотент» компаниясы жүзеге асырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!