Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір адамның білікті заң көмегін алу құқығы көзделген.

Мемлекет басшысы атап өткендей, азаматтарға сапалы заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз етуіміз қажет.

Азаматтардың заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру өз кезегінде аумақтық әділет органдарына жүктелген. Әділет органдарының басым міндеттерінің бірі азаматтардың заң көмегін алуы үшін жағдай жасау.

2022 жылғы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, заң көмегін алуға құқылы азаматтардың саны кеңейтілді.

 Атап айтқанда: құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі:

 алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

 мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

  асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

   жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

   Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

  кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

  кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Қазіргі таңда Министрлік тарапынан бұл тізімді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Қызылорда облысы бойынша адвокаттармен 6969 азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артық.

Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегінен басқа адвокаттардың, заң консультанттарының кешенді әлеуметтік заң көмегін, яғни Про Боно жүйесі арқылы көрсету құқығы да көзделген.

Про Боно халықтың әлеуметтік осал топтарына олардың мәселелері түпкілікті шешім тапқанға дейін заңды сүйемелдеуге кепілдік береді.

Мұндай тәжірбие халық арасында адвокаттар мен заң консультанттарының беделін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар былтырғы жылдан бастап «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі жұмысын бастады.

Ағымдағы жылдың 6 айында құқық қорғау органдарымен электронды форматта қорғаушы ретінде адвокатты тағайындау бойынша 492 сауалдар жолданған.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында 151 адвокат тіркелген, оның ішінде Департаментпен 78 адвокатпен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасалған.

Департаментпен Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысының Әділет департаменті тұрақты түрде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, ана мен бала, қарттар үйлерінде,  бас бостандығынан айыру орындарында, дағдарыс орталықтарында және т.б. мекемелерде «Әділет кеңес береді» акцияларын өткізу-халықты құқықтық көмекпен көбірек қамтуға мүмкіндік беруде.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің

құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа

заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы

А.Косбергенова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!