Шарада ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөл атқарып жүрген аяулы аналарымыздың өмір жолы мен өнегесі кеңінен насихатталды. Форумға «Сыр елі» облыстық әйелдер кеңесі» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райкүл Байназарова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев, әжелер кеңесінің төрайымы Рәзия Қалжанова және алқа мүшелері қатысты.

“Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен” аналарымыздың рухани-адамгершілік құндылықтары, отбасындағы орны мен тәрбиедегі үлесі туралы тағылымды ойлар айтылды.

Шара аясында жасөспірім қыздарға үлгі боларлық бейнероликтер көрсетіліп, жүрек тебірентер әндер шырқалды, ана туралы жырлар оқылды.

Форум соңында көпке үлгі болған әзиз әжелерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!