Қазақстан халық Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Бірілігіміз – әралуандықта» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Отбасы күніне орай Аналар кеңесінің бастамасымен «Әжемнің ертегісі» атты облыстық өнер фестивалі өтті.

Фестивалге Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандардан және Байқоңыр, Қызылорда қаласынан әжелер және немерелер қатысты.

Шараның мақсаты – ұлттық рухты ұлықтап, ұрпақ сабақтастығын жалғап, халқымыздың өнегелі сөзін, құнды ертегісін ұрпағына аманат ету арқылы отбасылық құндылықтарды, ұлттық болмысты дәріптеу.

Шара барысында Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Бақытжан Камалов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі және Қызылорда облысының қоғамдық келісім мекемесі үйірмесінің жас домбырашылары шығып, фестивал шымылдығын ашып күй тартты.

Шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мусаева, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Ғазиза Жүнісова, қалалық Әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлнар Жұмашова, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы Ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекші сарапшысы Шолпан Қайбрахман қазылық жасады.

Фестивал ІІ кезеніне бойынша өтті. І кезең – «Таныстыру», ІІ кезең – «Әжемнің ертегісі» деп аталды.

Шара соңында І-орын Арал ауданан келеген Ранай Сатаева, немересі Шадияр Шақсыбаева, ІІ-орын Шұғыла Абашова, немересі Әбілмансұр Темірлан, ІІІ-орын Кулсара Жунусова, неремресі Малика Нұрмағамбет иеленді. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, немерелеріне тәтті себет номинация берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!