Фото: gov.kz
Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылғы 2 қыркүйекте Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда Президенттің жарлығымен осы қызметке қайта тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!