27 мамырдан бастап Air Astana Атыраудан Тбилисиге тікелей қатынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компания мәліметінше, Airbus ұшағы екі қала арасында аптасына үш рет сейсенбі, жұма мен жексенбі күндері ұшады.
Барып-келу билеті барлық алымды есептегенде эконом класта 113 375 теңге, бизнес класта 308 081 теңгеден басталады. Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 50 минут, – делінген мәліметте.
Жаңа бағыт қосылса, Тбилисиге қатынайтын рейс саны аптасына 15 рейске дейін көбеймек. Себебі Қазақстанның үш қаласы: Алматы, Астана мен Атыраудан қатынайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!