Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Қазақстанда АЭС салынса, оған қаржыны құрылысты жүргізетін мердігер компания аударатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Берік Бейсенғалиевтен «Қазақстанда АЭС салынса, оған қанша қаражат кетеді және қайдан алынады?» деп сұрады.

Ең алдымен АЭС-тің бағасы шығуы керек. АЭС-ті салатын мердігер өз қаражатына келіп салуы мүмкін деген нұсқа бар. Түркияда солай болды. 12 жылда тариф арқылы қайтарып алады. Екінші нұсқа, жарты қаржыны Үкімет шығаруы мүмкін, жарты қаржыны мердігер бөлісуі мүмкін. Сондықтан нұсқа көп, – деді мәжілісмен.

Депутат АЭС-тің экологияға ешқандай зияны жоқ деп сендірді.

Ол жасыл энергетикаға жатады. Егер қазір біз көмір станциясын саламыз десек, Азиялық банк дамушы қоры да, халықаралық басқа банктер де қаражат бөлмейді. Өйткені ол лас станция деп есептеледі. Егер АЭС саламаз десе, оларға қаражат бөледі. Себебі ол жерде мүмкіндіктер бар. Сондықтан ол өте таза және зиянсыз энергия көзі болып есептеледі. Уранды өзіміз шығарып отырмыз. Уран қоры жеткілікті. Мысалы, 4 жылдан бері Қытайдың АЭС-іне уран таблеткасын беріп отырмыз. Егер өзімізде станция болмаса, онда біреу үшін жұмыс істейміз бе?! Өзіміздің экономикаға жұмыс істегеніміз дұрыс, – деді Бейсенғалиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!