Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысын өткізді. Жиында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, шешімін тапқан және аудан халқы үшін өзекті мәселелерге қатысты ұсынысын білдірді.

Аймақ басшысы негізгі экономикалық көрсеткіштерді бақылауда ұстап, өңірдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді, инвестиция тарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Басқосуда Шиелі ауданының құрметті азаматы, сала ардагерлері Рахым Мауяев, Пердәлі Архабаев пен Шиелі кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбетов ел ішінде ауызбірліктен асқан бақыт жоқ екенін тілге тиек етіп, аймақ басшысына тілеулестігін танытып, Президент ұсынған әрбір бастаманы қолдауға шақырды.

Аймақ басшысы Шиелідегі Жастар үйінің де жұмысымен танысып, жастармен пікірлесті. Мұнда жастар еркін бағытта шығармашылық және танымдық бағытта жобалар жасай алады. Аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Ержан Әбдешов орталықтың ерекшеліктерімен танысып, түрлі идеяларға негізделген жобаларын тізбектеп өтті. Облыс әкімі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану қажеттігін және тың идеяларын жүзеге асыруға әрқашан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!