sn.kz

Айнұр Тұрсынбаева екеуіміздің бармаған жеріміз жоқ. Бір рет Африкаға жолымыз түсті. Қазақ пен қырғыздың айтысы UNESCO-ға енетін болды. Сол мақсатта Намибия деген елге бардық. Бірақ ол елге Франкфурт арқылы тікелей ұша алмайды екенсің. Солтүстік үшін алдымен Оңтүстік Африкаға қондық. Алайда екі мемлекеттің шекарасын аттаған соң, сол елдің визасын алу қажет екен, – дейді Балғынбек Имашев «Кімнің есінде» бағдарламасында.

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев 2015 жылы айтысты насихаттау барысында Оңтүстік-батыс Африкадағы Намибия мемлекетіне барған болатын. Ақын сол сапарындағы қызықты оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Оларға Оңтүстік Африканың визасы керек болған. Айтыскерлер біз ол жерде көп аялдамаймыз, Намибияға барамыз деген. Соған қарамастан Франкфурт әуежайында екеуін алып қалған.

«Айнұр екеуіміз де ағылшын тілін білмейміз. Мәдениет және спорт министрлігіне ұша алмағанымызды айтып қойдық. Дәл сол тұста террозим өршіп, әр жерде жарылыс көбейген еді. Менің сақалым бар, Айнұр да әшейін де ашық жүретін, сол уақытта оранып алған. Содан сөмкемді қойып, дәретханаға кіріп кеткенмін. Сөйтсем, камералардан сақалды адам келіп, қара сөмке қойып кетті деп шулапты. Айнұр артымнан мен ерлердің дәретханасынан іздеп жүр», – дейді Балғынбек Имашев.

Сыртқа шыққанда, әскер қоршап алғанын көргенін көрген. Төлқұжатын сұрапты, бірақ ол сөмкеде болған. 

«Полицейлер басында сөмкені аштырмай, қызық болған. Айнұр қорқып кеткен. Әйтеуір, тіліміз жеткенше түсіндіріп, құтылдық. Сөмкемде ештеңе жоқ екенін көріп, түсініктеме жаздырды», – дейді ақын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!