Фото: instagram.com/shakentii
Журналист Ілияс Қанбай Шәріп Серіктің зорлық-зомбылық үшін емес, жанжал кезінде балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
«Үкімнің мән-жайымен таныстым. Былай жазылған: «С бірге тұрып жатқан Б-мен жанжал кезінде балағат сөздер айтқан. Оған әкімшілік баптың бірінші бөлігі «Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі теріс әрекеттер» бойынша айып тағылған. Бұл шапалаққа немесе жұлқылауға қатысты емес, тек кемсіту, төмендету және мүлікті бүлдіру туралы. Ол бойынша ең жоғарғы жаза 5 тәулік», – деп жазды журналист.
Сондай-ақ ол істің бұлайша жеңіл түрде қаралуы жәбірленуші тарап – Әлия Бутееваның ресми арыз түсірмеуімен байланысты болуы мүмкін екенін айтады.
«Алматы полиция департаменті маған осылай хабарлады. Бүгін таңертең сұрап білдім. Негізінде Шәріп 5 емес, ‘Ұрып-соғу’ бабымен 50 тәулікке немесе одан да көп мерзімге қамалуы мүмкін еді», – деді Ілияс Қанбай.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!