Фото: depositphotos.com
Болашақта Алатау мен Алматы қалалары арасында әуе көлігі іске қосылуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысы өтті.
Бозымбаев жаңа қаланы салу кезінде халықаралық стандарттарға ғана емес, өз тәжірибемізге де сүйену қажет екенін айтты.
«Бізде жаңа астананы салу тәжірибесі бар. Соңғы жылдары жаңа облыс орталығы Түркістан қаласы бой көтерді. Бұл тәжірибе Алатау қаласына да пайдалы болуы мүмкін. Алматы облысының әкімдігіне Түркістан қаласының құрылыс тәжірибесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын», – деді Қанат Бозымбаев.
Cонымен қатар, Алатау және Алматы қалалары арасында Urban Air Mobility (UAM) әуе көлігі үшін сынақ ортасын және жұмыс тобын құру жоспарланып отырғаны белгілі болды.
Аэромобильдер жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады.
Маңызды мәселелердің бірі жаңа қалада әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын сақтау екені де айтылды. Қанат Бозымбаев Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне тиісті шаралар әзірлеуді тапсырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!