Фото: freepik.com

Алғашқы қазақстандық Samsung теледидарлары дүкендерде 2025 жылдың екінші тоқсанында пайда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев зауыттың Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқанын жеткізді. Мұндағы тұрмыстық техниканы тек қазақстандық нарыққа ғана емес, көршілес Орталық Азия елдеріне де жеткізуді жоспарлануда. 

«Бұл келісімге Орталық Азиядағы Samsung Electronics компаниясының президенті Евгений Джонг пен Silk Road Electronics зауытының директоры Александр Критский қол қойды. Кездесуге бірінші вице-премьер Роман Скляр да қатысты», – делінген хабарламада.

Қанат Шарлапаев үлкен логистикалық шығындарды талап ететін бөлшектердің басым бөлігі Қазақстанда шығарылатынын айтқан еді. Министр сол себептен бұл техниканың бағасына да әсер етіп, олар төмен бағада сатылатынан жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!