Қазіргі таңда алимент өндіру ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Өкінішке қарай, бүгінде ажырасып жатқан отбасы көп. Нәтижесінде баланы асырауға төленетін төлемдер саны артуда. Алимент балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына немесе ата-анасына төленуі мүмкін.
Алименттер ай сайын — бір балаға — ата-анасының еңбек ақысының немесе өзге табысының үштен бірі,үш және одан да көп балаларға — ата-ана еңбекақысының немесе өзге табысының жартысы төленуі тиіс. Алимент төлеуді көп әкелер балаларының алдындағы парызы емес, қарызым деп түсінеді. Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестің кодексінің 21-бабына сәйкес, соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулыларын барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде орындауы тиіс.
Бауыр еті балаларынан безіп, алимент төлемей қашып жүрген безбүйрек әкелердің жыл санап өсіп келе жатырғандығы жасырын емес. Басты себебі-тұрақты жұмыс орнының болмауы. Ажырасқан азаматтардың көпшілігі алиментті уақытында төлемей жалтарса, қалғны мүлде төлемейді. Бұған жоғарыда атап өткендей, жұмыссыздықпен бірге ішімдікке салынуы себеп болуы мүмкін. Өкінішке орай, жалақысын әдейі дұрыс көрсетпей, төмендетіп жаздыртып алу фактілері де кездеседі.
Алимент төлемей қашып жүрген безбүйрек әкелерге мәжбүрлеу шаралары қолданылады, есеп шоттары бұғатталады, шетелге шығу құқықтарынан айырылады, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.
Егер үш ай бойы алиментін өндірілмесе сот орындаушысымен борышкердің алимент бойынша берешегі есептеледі. Берешек мөлшері борышкердің жалақысымен есептеледі. Егер борышкер жұмыс істемеген немесе оның жалақысын өзге де кірісін растайтын құжаттары ұсынылмаған жағдайда алимент берешегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақысы мөлшері негізге ала отырып есептеледі. Мәселен қазіргі күні Республикадағы орташа айлық жалақы мөлшері шамамен 280 мың теңгедей болса, үш және одан көп балаға берешек мөлшері айына осы көрсеткіштің 50 пайыз шамасында есептеледі. Ал екі балаға 33 пайыз, бір балаға 25 пайыз мөлшерінде есептеледі.
Өркениетті елдің тірегі – бақытты отбасы. Жанұядағы жылулықты сақтап, шаңырақтың беріктігін бүтіндеудің алғышарты отбасы құндылықтарын дәріптеу. Ал жаңылыс басып, жанұясынан жырақ кеткен азамат балаларды асырауға міндеттеледі. Алимент төлеуден ешкім де жалтара алмайды.
Э.Тайман,
Қызылорда облысы Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының жеке сот орындаушы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!