Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Басқарма басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Өтешов Алмас Дәулетярұлы басқармаға қарасты «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алмас Өтешов – ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионы.
Осы уақытқа дейін ол басқармаға қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!