Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Adyrna ақпараттық агенттігі.
Салтанатты рәсім қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Іс-шараға қатысушылар метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиып,қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!