Фото: Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары «Қан тапсырып, өмір сыйла» науқаны аясында Республикалық қан орталығына екі күнде 37 литр қан тапсырды, деп жазады KAZINFORM.

Сауапты іс-шараға дәрігерлерден бастап мейіргерлерге дейін үлес қосты. Сонымен қатар, әкімшілік қызметкерлері де қатысты. Барлығы 83 маман ерікті түрде қан тапсырған.

«Тұрақты түрде қан тапсырып жүргеніме 5-6 жыл болды. Қан тапсырудағы мақсатым – қатерлі дертке шалдыққан кішкентай бүлдіршіндерге көмектесу. Ең бастысы – қан құюға мұқтаж жандарға көмегім тисе болғаны. Осында өзімнің бір адамға болсын септігімді тигізуге келіп отырмын», – дейді дәрігер Д.Әліпбаев.

Айта кеткен жөн, елімізде жасы 18-ден асқан, медициналық көрсеткіші жақсы кез келген азамат донор бола алады. Ерлер жылына 6 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыруға мүмкіндігі бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!