Фото: Видеодан алынған скрин

«Алматы-Бішкек» автожолының 18 шақырымында орналасқан жиһаз цехында өрт шығып, 2 адам жеңіл жарақат алды, деп жазады KAZINFORM.

Алматы облысы ТЖД мәліметіне сәйкес, бүгін 13:19-да Қаскелең қаласындағы 101 байланыс пунктінің желісіне матрацтар өндіретін жиһаз цехының жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары дереу жіберілген.

– Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы ауданы 231 ш.м. матрацтар шығаратын жиһаз цехының жанып жатқаныанықталды, қабылданған шаралармен өрт 14:07-де жойылды. Жалын салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды. Өрттің себебі анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 27 қызметкері мен 9 бірлік техника және Алматы қаласы ТЖД-ның 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!