Апат болған орынға жеткен полиция көлігі. Фото: almaty.tv

Алматы-Астана тасжолында Қарасай ауданы Жамбыл ауылының маңында бензин таситын көлік аударылып, газ құбырынан өрт шықты. Бұл туралы Almaty.tv хабарлайды.

Оқиға орнына бірден Алматы облысы ТЖД күштері жіберілгені айтылады. Өрт Жамбыл ауылының жақын маңдағы үйлерінен 500 метр қашықта болғандықтан, ауыл тұрғындарына дауыс зорайтқыш қондырғылар арқылы хабарланған. Ал жол жабылып, блокбекеттер қойылған.

Өртті сөндіру үшін шамамен бес сағат қажет болыпты, кейін ол толығымен оқшауланып, өртсөндірушілер тілсіздің жаудың бетін қайтарған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртсөндірушілер жарылыс қаупіне және өрттің таралуына жол бермеді. Төтенше жағдайды жоюға Алматы облысы ТЖД-ның 40 қызметкері мен 10 техникасы жұмылдырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!