Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты 08:00-ден 17:30-ға дейін өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысы әкімдігінің дерегінше, өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер енді 17:30-ға дейін жұмыс істейді.

«Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің түскі үзілісі 12:30-дан 14:00-ге дейін. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті сегіз сағаттық жұмыс күні толық көлемде сақталады», – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.

Сонымен қатар белгіленген түскі үзіліс жұмыс уақытына кірмейтіні, сондықтан Еңбек кодексінің барлық талабы сақталғаны атап өтілді.

«Алматы облысының әкімдігі және оған қарасты барлық мемлекеттік мекемелер халыққа сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр», – деп толықтырды облыс әкімдігі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!