Алматы облысы Кеген ауданы аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» хабарлады.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 3.7, ал эпицентрдегі есептік қарқындылығы — 3.5 балл болды. Дүмпу ошағы Кеген ауданы, Каркара ауылынан 10 шақырым қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым жерде орналасқан.
Көрші Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Сейсмология институтының дерегінше, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан шекарасына жақын, Қарқыра ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде тіркелген.
«Эпицентрде сезілу байқалмады», – делінген қазақстандық сейсмологтардың ресми мәлімдемесінде.
Қазіргі таңда зардап шеккендер мен шығындар туралы ақпарат жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!