KAZINFORM – Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасады. 

ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы облысының тауларында 2-5 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

Департамент азаматтардан, туристерден қар көшкіні болуы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. https://kaz.inform.kz/news/almati-oblisinin-tauli-aymaktarinda-kar-koshkn-kaup-bar-ada316/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!