Президент Әкімшілігімен келісе отырып, генерал-майор Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жеке құрамға полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Қайрат Сөнтаев таныстырды. Арыстанғани Расылханұлы Заппаров 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полиция департаментін басқарды.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!