Алматы қалалық соты Qaznews24 сатиралық жаңалықтар жобасының негізін қалаушысы Темірлан Еңсебектің үкіміне қатысты апелляциялық шағымын қарайтын болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеме жасап.

Шағым 27 мамыр күні сағат 15:40-та қаралады.

Апелляциялық отырыс
WhatsApp арқылы видеоқоңырау форматында өтпек. Істі үш судьядан тұратын алқа қарайды. Бірақ олардың есімдері қалалық сот төрағасының нұсқауымен жария етілмейтіні белгілі болды.

Айта кетейік, 11 сәуір күні Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты Темірлан Еңсебекті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни араздықты қоздыру) кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді.

Сот шешімі бойынша Еңсебектің смартфоны мен ноутбугы мемлекет пайдасына тәркіленіп, құқық қорғау органдары оның электронды поштасы мен WhatsApp аккаунтына кіріп, құпиясөздерін өзгерткен. Соған қарамастан, апелляциялық тыңдау дәл сол WhatsApp арқылы жүргізілмек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!