Фото: Александр Павский/ Kazinform

KAZINFORM — Қаржы 2025-2029 жылдарда жүзеге асырылатын жобаларды қамтиды. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі ресми сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді.

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алматы тау кластері туризмін дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспар 526 млрд теңге сомасына инфрақұрылым құру, инвестициялық жобаларды іске асыру, саланы ілгерілету және цифрландыру бойынша 73 іс-шараны қамтиды, — делінген хабарламада.

Жоба аясында тау шаңғысы курорттары кеңейтіледі және бірыңғай жүйеге біріктіріледі.

— 30 аспалы жол және 161 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бұл бір жылда 5 миллион турист келуіне мүмкіндік береді. Оның 1,7 миллионы шетелдік саяхатшы болады деп болжанып отыр, — делінген ресми жауапта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!