Бір адамның өмірін қиған жол апатының бейнежазбасы пайда болды. Онда Алматы қаласындағы екі автобустың да жылдамдығын мүлде бәсеңдетпегенін байқайсыз, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан көшеде қатты кептелістің болмағанын көруге болады. Бірақ көп ұзамай екі автобус бір-бірін түйрей соқтығысқан. Содан тоқтай алмай көшенің өзге бұрышынан бір-ақ шыққан.
Аталған жағдайға байланысты көп ұзамай полиция да түсініктеме берді. Ондағылар бір адамның көз жұмғанын айтты.
Аталған дерек қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды,
— делінген полиция хабарламасында.
Әлеуметтік желіде автобустардың соқтығысуы салдарынан жарақат алған жолаушылардың да бейнежазбасы тарады. Соның бірінде жас жігіт қоғамдық көліктің ішінде бет-аузы қан-қан болып, өз жағдайын айтып тұр. Тіпті сабаққа бара алмайтынын да жеткізген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!