Баян Әкімбаева

Алматыда 28 шілдеде жоғалған 16 жастағы Айдос Акимбаевты іздеу аяқталды. Жасөспірім 25 күннен кейін аман табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

28 шілдеде таңертең Айдос Мамыр-3 шағынауданындағы үйінен қоқыс шығару үшін шығып, жоғалып кеткен. Қауіпсіздік камералары оны сағат 10:53 шамасында бір үйдің маңында көрсеткен. Контейнерлерге бағытталған камералар істемей қалғандықтан, сол сәттен бастап оның қозғалысы туралы ешқандай ақпарат болмаған.
Жоғалу дерегі бойынша полиция іс қозғады. Іздеуге туыстары мен еріктілер қосылды. Анасы әлеуметтік желілерде жәрдем сұрап, ұлының суретін таратып отырды.

Анасы ұлын тапты: не болған?

22 тамызда Tengrinews.kz тілшісіне анасы Айдостың аман табылғанын хабарлады. Оның айтуынша, ұлын үш белгісіз ер адам мәжбүрлеп көлікке отырғызған. Бұл қоқыс контейнерлері тұрған тұрақта болған. Ұлының кілті мен ақшасын алып, оны Шымкентке апарған. Онда бірнеше күн бойы баланы жертөледе ұстап, физикалық күш қолданған.
Кейін оны Түркістан облысына жеткізген. Сол жерде ол бензин бекетінде тұрған жерде қашып шыққан. Анасының айтуынша, ұлын тапқан кезде ол үйден шыққан кездегі киімінде болған, үстәнде футболка, шорты және қою көк аяқ киім.
Анасы баланың күйзеліске түскенін айтты. Оны табу полицияның қатысуынсыз жүзеге асқан. Оқиға бойынша отбасы толық мәліметті кейінірек жариялауды жоспарлап отыр. Редакция Алматы полициясына сауал жолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!