Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматы жолдарында 2 мың 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот 3 мың 993 адамды жүргізуші куәлігінен айырды. 2 мың 365 жүргізушіге қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.

Осыған байланысты полиция дабыл қағуда. Себебі статистика жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тәртіп сақшылары жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оған ел арасында белгілі тұлғалар  тартылды. Яғни, спортшылар, әншілер, әртістер мен танымал тұлғалар өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!