Алматы индустриялық аймағында 2022 жылы тоғыз кәсіпорын мен төрт өнеркәсіптік парк іске қосылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы индустриялық аймағында жыл соңына дейін іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпорындар тізімінде: «Қаз-Диа-Тест» фармацевтикалық зауыты, VALTHERM радиаторларын, City Stone тастан жасалған бұйымдарын, Teplostil термопанельдерін, Stroy Production газобетонды блоктарын және «ЭлектроБар» электр техникалық бұйымдарын өндіру зауыты бар», – дейді спикер.

Бұдан бөлек, жалпы өндірістік алаңы шамамен 16 мың шаршы метр болатын 4 өнеркәсіптік паркті ашу көзделген. Онда жеңіл, тамақ өнеркәсібі және металл өңдеу саласындағы 24 компания орналастырылатын болады.

Берік Солтанбаев Алматыда фармацевтика және аспап жасау саласы белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!