Алматыда 70 зираттың 9-ы ғана жұмыс істеп тұр. Қалған 61-інде қайтыс болған адамды жерлейтін орын қалмаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Ал осы тоғыз бейітте шамамен 60 гектар бос аумақ бар.

«Алайда бұл тек алдағы 6-7 жылға жеткілікті», – дейді шенеуніктер.

Шенділер Алматы облысымен бірлесіп, адам жерлеуге болатын аумақтарды анықтаған. Қазір бұл жерлер мемлекет меншігіне рәсімделіп жатыр.

Бұған қоса жерді үнемдеудің бір тәсілі ретінде өңірде мәйіт өртеу орны да салынған. Крематорий қызметі нормативтік тұрғыдан реттелгенше, нысанды күтіп ұстау міндеті Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жүктелген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!