Фото: pexels.com 

Бұл туралы Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы хабарлады, деп жазады KAZINFORM.

Ботаникалық бақ мәліметінше, ерсі әрекет еткен 1983 жылғы азамат бір тәулік ішінде ұсталған.

— Бұл іс бойынша сот отырысы бүгін өтті. Сот ер адамды 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Бұл — бақ аумағында жануарларға қатыгездік танытқан, әдепсіз және орынсыз әрекет жасаған адамдардың жауапкершілікке тартылатынының айқын мысалы. Бас ботаникалық бақ — ерекше қорғалатын табиғи аумақ, онда арнайы ережелер мен көптеген шектеу қолданылады. Мұндағы жануарлар мен өсімдіктер қорғауға алынған, — деп хабарлады бақ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Ботаникалық бағында аққудың мойнынан тартқан адам іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!