Фото: видеодан скриншот
Алматыда, барахолка аумағындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы.
Бүгін таңертең Жетісу ауданындағы «Көкмайса-27» шағын ауданында өрт болғаны хабарланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қойманың шатыры ашық жалыннан өртенген.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт орнында жеке құрам қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеп жатқанын, өртті сөндіру жарылғыш заттардың болуымен қиындайтынын айтты.
Оқиға орнында жеке құрамның 95 адамы мен 25 бірлік авариялық-құтқару техникасы жұмыс істеуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!