Фото: Ашық дереккөзден

Алматыдағы «Сауран» базарында өрт шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылының бойындағы қоймадан өрт шыққан.

Өртке жоғары деңгейлі қауіп дәрежесі берілген.

Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев басшылық ететін өрт сөндіру штабы құрылған.

«Сағат 20:17-де қойма ғимаратынан ашық жалын байқалды. Өртті сөндіру үшін екі аймақ құрылып, арнайы өрт сөндіру автосатысы жұмылдырылды», – деп хабарлады Алматы ТЖД.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!