Фото: Алматы әкімдігі

KAZINFORM – Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Қазір 603 мемлекеттік және 906 жеке нысанды ББЖ қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі мәлім етті.

Жобаның негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп,түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.

Қазір мегаполисте 603 мемлекеттік және 906 жеке нысанды ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.

Осы жылдың екінші тоқсанда «Сергек» зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің қосымша 300 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.

Айта кетейік, қалада 9034 бейнекамерадан тұратын 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!