Фото: polisia.kz
Алматыда тергеу изоляторына есірткіні шәйнектің ішіне салып өткізбек болған күдікті анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚАЖД-ға қарасты №72 мекеменің сәлемдемелерді қабылдау-тексеру бөлмесінде 1990 жылы туған ер адамнан шәйнектің ішіне салып өткізбек болған есірткіге ұқсас ұнтақ тәркіленді.
«Күдікті тыйым салынған затты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімі бойынша, яғни бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін Әуезов аудандық сотымен 2 жыл 6 айға сотталған Б. есімді сотталған туысына жеткізбек болған», – деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бейнетіркегішке тіркелген.
Оқиға орнына Түрксіб аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!