Коллаж: Kazinform / Freepik
KAZINFORM – Алматыда 300-ден астам киберқылмыс ашылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов мәлімдеді.
Оның айтуынша, өткен жылы 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Қазір киберқылмысқа қарсы күрес екінші деңгейлі банктермен бірге жүзеге асырылып келеді. Бұл күмәнді қаржылық операцияларды дер кезінде анықтауға, шоттарды бұғаттауға және азаматтардың қаражатын жымқырудың алдын алуға мүмкіндік береді.
– Нәтижесінде мамандандырылған бөлімше тарапынан ақпараттандыру және байланыс саласында 300-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық ашылды. Кеңсе жағдайында әрекет еткен call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар банк шоттарына заңсыз қол жеткізу фактілері әшкереленді. Алаяқтық мақсатта пайдаланылған 17 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды, – деді департамент басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!