Алматыда бар болғаны екі күннің ішінде мопед пен скутер жүргізушілеріне қатысты 360-тан астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеу секілді өрескел заң бұзушылықтар бар. Нәтижесінде 200-ден астам көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

«Мопед пен скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекеттеріне жол беруге болмайды. Біз тек профилактикалық жұмыс жүргізіп қана қоймай, заң аясында нақты шаралар қабылдаймыз. Жол қозғалысы ережелері – жай ұсыныс емес, ол баршаға ортақ міндет», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.

Қазіргі таңда аудандық полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Арнайы жасақтар күн сайын көшелерді аралап, мектеп маңында және аулаларда рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!