Филипп Киркоровтың директоры Екатерина Успенская 7 қарашада Алматыда өткен концертте әншінің раушан гүлдерімен кімді ұрғанының анығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
TikTok желісінде Филипп Киркоровтың Алматыдағы концертінен видео пайда болды. Онда әнші алдыңғы қатарда тұрған ер адамды бетінен раушан гүлімен ұрып, кейін сахнаға қайта оралған.
Талқыға түскен бұл бейнероликтерге байланысты әншінің директоры пікір білдірді. Ол көрерменді емес, өз командасының мүшесін ұрғанын айтты.
«Гүлмен ұрған біздің командадағы адам. Ол жанкүйерлерді сахнаға жібермеген», – деді Екатерина Успенская.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!