Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Қала күні қарсаңында қоғамдық орындарды тазалау бойынша аудандық акциялар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бүгін әсем қала – Алматы күні қарсаңында белсенді жастар, қаланың жаппай тазалық жұмыстарына қатыстық. Қаламыздың тазалығы мен сұлулығын сақтау – менің азаматтық борышым. Сенбіліктің арқасында жаңа достар таптым, командада жұмыс істедім және қаламыздың тазалығына кішкентай болса да үлес қостым», — деді ерікті Дарын Ершатов.

Қатысушылар демалыс аймақтарын, өзен жағалаулары мен бос жатқан жерлерді тазалады, оның ішінде Бент тоғандары, Үлкен Алматы өзені, Қарғалы өзені және басқа да аумақтар бар. Сондай-ақ, Бұқар Жырау бульвары, Ангарская көшесі, Мұзтау шағын ауданы және басқа да қоғамдық орындар тазартылды.

Сенбілікте қатысушылар шамамен 652 м³ (130,4 тонна) қоқыс жинап, шығарды. Мұндай сенбіліктер қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және Қала күні қарсаңындағы дайындыққа үлес қосты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!