Фото: Kazinform
Алматыдағы ALT University студенті оқытушыны пышақпен жарақаттады. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZINFORM.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.
Онда жанжал бағаға қатысты шыққаны айтылған. Алайда университет өкілдері студенттің басқа кафедрада оқитынын және зардап шеккен оқытушының оған сабақ бермегенін хабарлаған.
Алматы полиция департаменті Kazinform тілшісіне бұл ақпаратты растады.
Ведомствоның мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!