Фото: elements.envato.com
Алматыда телеграм арқылы суицидке итермелейтін контент анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады.
Тексеру барысында 67 оқырман телеграм арнадағы әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік командалар алғаны анықталды.
2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.
Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!