Yesil Technology Company компаниясы өнеркәсіптік пилотсыз дрондар шығаруды арнайы құрылатын өндірістік және ғылыми-зерттеу аймағында жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі aqshamnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

50 000 шаршы метр аумаққа жаңартылған өндірістік инфрақұрылым, зерттеу орталықтары мен жаңа технологияларға негізделген кешенді жүйелер енгізіледі.

«Жобаның нәтижесінде 500 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуына елеулі үлес қосылады. Бұл жоба елімізде жоғары технологиялық саланың дамуына ықпал етіп, жаңа мамандарды даярлау мен кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған түрлі бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Инвестиция көлемі 12 млн доллар болса, өнімдер тек Қазақстан нарығына ғана емес, Орта­лық Азия елдеріне де жеткізілетін болады. Бұл елдермен тығыз экономикалық байланыстар орнатуға және жаңа нарықтарды игеруге септігін тигізбек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!