Алматыда блогерлер кәсіпкерден ақша бопсалап, 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кейіннен ұсталған блогерлер Дамир Көшеев және Руслан Каримов екені анықталды.
“Бопсалауға байланысты күдікке ілінген блогерлерге сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген Қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, оларға «Аса iрi мөлшерде бопсалау» бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Енді екі блогер 15 жылға сотталуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!