Көлік министрі Марат Қарабаев Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр тергеудің қайта басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
“Тергеу аяқталды, бірақ қазір әуе компания қызметкерінен түскен бір шағым бар. Оған қатысты тергеуді қайта бастау мәселесі процедуралық негізде қаралып жатыр», – деді ол.
Сөзінше, министр тергеу барысын бақылап отыр.
«Мұнымен біздің ведомстводағы департамент айналысып жатыр, оның үстіне бұл менің негізгі міндеттерімнің бірі», – деп қосты министр.
Bek Air ұшағы 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы түбінде апатқа ұшыраған еді. Лайнер Алматыдан Астанаға ұшқан, алайда бірден биіктік жоғалтып, қоршауға, кейін екі қабатты үйге соғылған еді. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Салдарынан 12 адам көз жұмды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!