Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

KAZINFORM – Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық ипподромның ары қарайғы тағдыры жайында айтты.

Қала әкімімен кездесу кезінде Жетісу ауданының тұрғыны қалалық ипподромның жергілікті маңызы бар болғанмен, тарихи ескерткіштердің қатарына кіретінін атап өтті.

«Ипподромды мемлекеттің меншігіне қайтаруға бола ма, себебі, онда халықтың мейрамдарын өткізуге болады. 6 мың жыл бұрын жылқыны қолға үйреткен номадтардың елінде туристерді қыз қуу мен басқа да ұлттық ойындарымызды көрсете алатындай орынның болғанын қалаймын», – деді қала тұрғыны.

Ерболат Досаев ипподромды мемлекеттік меншігіне қайтару үшін оны сатып алу керек екенін, алайда, әзірге оған қазір мүмкіндік жоқ екенін айтты.

Алматылық әйел сондай-ақ меншік иелері ипподромды сүріп, орнына тұрғын үй кешенінің салынатыны жайлы сұрады.

«Жоқ, біз оны бас жоспарға бекіттік, оған қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Алматы әкімі.

Айта кетейік, бұл мәселе бойынша тағы бір қала тұрғыны нысан иелері ипподромды сүріп, орнына тұрғын үй кешенін салмақшы екенін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!