Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 2025 жылғы туризм саласының негізгі көрсеткіштеріне арналған баспасөз-конференциясы өтті, – деп хабарлайды  KAZINFORM.

Іс-шара барысында қалалық туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова қаладағы визит-орталықтардың жаңа форматқа ауысуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, қазір бұл нысандардың туристерге көрсететін қызметі шектеулі. 

– Ақпараттық орталықтар моральдық тұрғыдан ескірген. Басты мәселе — заңнамалық шектеулерде. Мемлекеттік орган ретінде біз ақылы қызмет көрсете алмаймыз. Ал визит-орталыққа келген туристер ең алдымен дайын турды сатып алғысы келеді. Сондықтан қазір инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз — тек ақыл-кеңес пен бағыт-бағдар беретін ескі форматтан халықаралық деңгейдегі ақпараттық орталықтарға ауысу. Сонда саяхатшы кеңес алып қана қоймай, бірден турларды сатып ала алады, – деді ведомство басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!