Sputnik. ️Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.

Аталған жиында «Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы» атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды.

Іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты.

Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.

Айта кетсек, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!