Алматы тұрғындарын 15 млн теңгеге алдап кеткен «дөңгелек сатушы» ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Алатау ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы азамат Е.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Ол өзін дөңгелектер мен дисктерді тек көтерме жеткізуші ретінде таныстырған. Аламын деушілерге тікелей қоймадан арзан бағадағы тауарды алып беруге уәде берген. Ер адам Алматының бірнеше тұрғынын алдады деген күдікке ілінді. Оның әрекетінен келтірілген жалпы материалдық шығын шамамен 15 миллион теңге. Ол тауардың көлеміне қарай 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін алған. Бүгінгі күні оның үстінен 12 азаматтан полицияға арыз түсті», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!