Фото: Алматы әкімдігі

 KAZINFORM – Алматының «Төменгі бесжылдығы» шағын ауданындағы жолдар тамыздың соңына дейін қалпына келтіріледі. Жоба бойынша барлығы 67 көше қамтылған, олардың дені асфальтталған. 

Алматы әкімдігінен атап өткендей, төменгі бесжылдықтың тұрғындарын сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосу бойынша үш жылдық жоба 2021 жылы басталды. Қазір жұмыс жоспарына сәйкес 115,5 мың метр су құбырының 100 мың метрден астамы және 32 мың метр кәріз желісінің 28 мың метрге жуығы салынды.

Жұмысшылар Спасская, Хакасская көшелерінің және бірқатар аллеяға асфальт төсеуге дайындық жүргізіп жатыр. Құбырлар мен құдықтарды монтаждау Земнухов, Балқадиша, Шмидт, Свободная, Хакасская, Лермонтов, Тренев және Костромская көшелерінде жүргізіледі.

Жоба тамыздың соңында толық аяқталады. Осылайша, бүкіл шағын аудан орталық сумен және кәріз желілерімен толық қамтылады.

Айта кету керек, жобада абоненттерді сумен жабдықтау желілеріне қосу көзделген, ал кәріз желісіне қосу абоненттер есебінен жүзеге асырылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл барлығы 142 км салу және 48 км сумен жабдықтау желілерін жаңғырту көзделген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!