KAZINFORM — Елдің алтын-валюта резерві тұрақты өсіп келеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті.

Бүгін Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында тілшілер «тамыз айында орталық банктер арасында Қазақстан алтын сатып алу жағынан ірі сатып алушы ретінде тіркелді. Енді базалық мөлшерлерменің өсуі аясында резервке алтын сатып алу жоспары өзгере ме?» деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде Т.Сүлейменов алтынды сыртқы және ішкі нарыққа сату уақытша тежелгенін айтты.

Елде өндірілетін алтынның бәрін сатып алып, өзімізде жинақтап жатырмыз. Алтын – ол стратегиялық тауар. Қазіргі кезеңде алтын инвестициялық тауарға айналды, яғни жақсы кіріс әкеледі. Бұл тұрғыда елдің алтын-валюта резерві өсіп келеді, оның деңгейі 57 млрд АҚШ долларына жетті. Жыл ішінде 28 пайызға артты, – деді ҰБ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, алтынға қатысты Ұлттық банктің қазіргі саясаты әлемдегі геосаяси жағдай тұрақтағанша жалғасады.

Түрлі геоэкономикалық әрі геосаяси процестерге байланысты алтын қымбаттап жатыр. Осы жылдың басынан бері 50 пайызға өсті. Мұның бәрі алтын-валюта резервіне оңтайлы әсер етті. Өткен айда 8 тонна сатып алдық, ал жылына 70 тонна сатып алу жоспары бар. Шамамен, 50 тоннадай (жыл басынан) алдық, – деді Тимур Сүлейменов. https://kaz.inform.kz/news/altin-kimbattap-zhatir-kazakstan-rezervke-zhinaktaudi-zhalgastiradi-561231/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!